АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СЫМСЫЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ ШЕШІМДЕРІ

Авторы

  • А.А. Мусабеков М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Н.С. Алмас М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Д.Н. Тургенбаев М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • С.Д. Нурмагамбет М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n12

Ключевые слова:

автоматтандыру, басқару, желі, технология, инфрақұрылым, шешім, шлюз, деңгей, арна, хабарлама

Аннотация

Мақалада өнеркәсіптік кешендерді тиімді басқару мақсатында сымсыз технологияны пайдалануда айрықша орын алатын инфрақұрылым шешімдеріне шолу жасалып, қолайлы нұсқаларына зерттеу жасалған. Келешегі бар сымсыз технологияларды енгізудің арқасында жергілікті жабдықтар мен кабельдік желілерге кететін шығындары азайып, едәуір экономикалық үнемдеуге әкелетіндігі негіздеме берілген. Сымсыз технологияға арналған стандарттар негізінде физикалық және арналық деңгейлерді сипаттайтын сымсыз сенсорлық желілер үшін жасалған технологияларға шолу жалаған, атап айтқанда кез-келген өндірістік желіге бейімделу мүмкіндігі бар пакеттің инкапсуляциясы және сервер арқылы адам-машиналық интерфейс жүйелерінде әр түрлі пакеттерді қолдану шешімдері қарастырылған. Технологиялық үрдістер мен хабарламалардың санаттық қағидаты негізінде сенімді сымсыз тұғырнаманы пайдалану қажеттілігі, жиілік диапазондарды таңдау ерекшеліктері, ақпарат қауіпсіздігі мен шуылға төзімділігі және өңделген хабарламалардың маңыздылығы айқындалған. Сымсыз автоматтандырудың деңгейлік құрылымын негіздеу арқылы жергілікті деңгейге арналған құрылғылар үшін арнайы физикалық интерфейсті, бірегей сымсыз инфрақұрылымның өзара әрекеттесуін, сымсыз желілердің әр түрлі сегменттерін, соның ішінде шлюздерді тиімді пайдалану мақсаттарын, сымсыз архитектура көмегімен таратылған хабарламаларының пішімін, мультимедиалық қызметтерді енгізуді және ақпарат алмасу жылдамдығын қамтамасыз ететін желінің сымсыз өнеркәсіптік инфрақұрылымының нұсқасы ұсынылған.

Биографии авторов

  • А.А. Мусабеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • Н.С. Алмас, М.Әуезов атындағы ОҚУ

  • Д.Н. Тургенбаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    аға оқытушы

  • С.Д. Нурмагамбет, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    оқытушы

Опубликован

2025-09-15

Выпуск

Раздел

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИИ

Как цитировать

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СЫМСЫЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ ШЕШІМДЕРІ. (2025). ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА, 3, 76-83. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n12