СКАНЕРЛЕУШІ ЭЛЕКТРОНДЫ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАЛАҚАЙ (URTÍCA URENS) ӨСІМДІГІНІҢ ЭЛЕМЕНТТІК ҚҰРАМЫН КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n09Ключевые слова:
элементтік талдау, өсімдік материалдары, микроэлементтер, макроэлементтер, кальций, калий, магний, химиялық құрамы, биогендік элементтерАннотация
Бұл мақалада күйдіргіш қалақай өсімдігінің элементтік құрамы бойынша эксперименттік зертханалық деректерге негізделген өсімдік үлгісінің кешенді элементтік талдауы ұсынылған. Талдау химиялық элементтердің массалық үлестерін анықтау үшін сканерлеуші электронды микроскопиялық талдауды қолдану арқылы жүргізілді. C, O, Na, Mg, Al, Si, P, S, K, Ca, Fe және Ti сияқты негізгі биогендік және минералды элементтердің құрамы мен мөлшері анықталды. Нәтижелері бойынша оттегінің (52%-ға дейін), кальцийдің (34,8%-ға дейін) және калийдің (15,38%-ға дейін) мөлшерлік деңгейі, бұл материалдың жоғары минералдануын көрсетеді. Бұл зерттеу жұмысында сегіз спектрдің салыстырмалы талдауы жүргізілді, элементтердің таралуының негізгі заңдылықтары және олардың өсімдік материалының құрылымындағы ықтимал биологиялық рөлі анықталды. Зерттеу нәтижелерін өсімдіктің биохимиялық құрамын бағалауға, оның фармакологиялық әлеуетін анықтауға және жаңа шөптік препараттарды әзірлеу үшін пайдалануға болады.