КАДРЛАРДЫ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН АЛГОРИТМДЕР

Авторы

  • В.Б. Рыстыгулова Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.n17

Ключевые слова:

кадрларды бағалау, рейтинг жүйесі, AHP, TOPSIS, XGBoost, кіші және орта кәсіпорындар, HR-аналитика, көпкритерийлі шешім қабылдау

Аннотация

Бұл мақалада кіші және орта кәсіпорындарда қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған кадрларды бағалау және рейтингтік жүйені құру тәсілдері қарастырылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – персоналды бағалау саласында кең таралған үш әдістің (AHP, TOPSIS және XGBoost) тиімділігін салыстыру және олардың кіші және орта кәсіпорындарда жағдайында қолданылу мүмкіндігін талдау. Зерттеу барысында ашық HR-аналитика деректер жиыны негізінде критерийлер жүйесі қалыптастырылып, AHP әдісі арқылы бағалау критерийлерінің салмақ коэффициенттері есептелді. TOPSIS әдісі көмегімен көпкритерийлі рейтинг құрылып, қызметкерлердің интегралды бағасы анықталды. Сонымен қатар XGBoost алгоритмі негізінде деректерге сүйенген болжамдық модель құрастырылып, рейтингтің машиналық оқыту арқылы қалыптасу ерекшеліктері қарастырылды. Алынған нәтижелер әдістердің артықшылықтары мен шектеулерін көрсетіп, кіші және орта кәсіпорындарда үшін рейтинг жүйесін енгізуде түсіндірмелілік, енгізу күрделілігі және деректер сапасына тәуелділік факторлары шешуші екенін дәлелдеді. Зерттеу қорытындысы бойынша кіші және орта кәсіпорындарда жағдайында рейтингтік бағалау жүйесін тиімді енгізудің перспективалы бағыты ретінде сараптамалық және деректерге негізделген тәсілдерді біріктіретін гибрид модельдерді қолдану ұсынылады.

Биография автора

  • В.Б. Рыстыгулова, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті

    ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Опубликован

2026-03-20

Выпуск

Раздел

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИИ

Как цитировать

КАДРЛАРДЫ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН АЛГОРИТМДЕР. (2026). ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА, 1, 134-143. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.n17