ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ GENERATIVE AI: ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Авторы

  • Ж.С. Кемельбекова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Ж.Б. Копжасарова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.n15

Ключевые слова:

жасанды интеллект, генеративті жасанды интеллект, білім беру, цифрлық педагогика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, эмпирикалық зерттеу

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның білім беру жүйесінде генеративті жасанды интеллектті (Generative AI) қолданудың негізгі бағыттары мен оның қазіргі даму жағдайы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ChatGPT, Gemini, Midjourney сияқты генеративті AI технологияларының оқу үдерісіндегі рөлін, артықшылықтары мен кездесетін проблемаларды анықтау. Генеративті AI-дің білім берудегі қолдану бағыттарына: оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру, тапсырмаларды тексеру және кері байланыс беру, оқытуды дербестендіру, сондай-ақ студенттердің креативті және зерттеу жобаларын жүргізуі жатады. Қазіргі жағдайына келетін болсақ, Қазақстанда генеративті AI технологияларын енгізу бастапқы сатыда. Жетекші жоғары оқу орындары бұл құралдарды сынақтан өткізуде, алайда орта білім беру деңгейінде олардың қолданысы шектеулі. Сонымен қатар, академиялық адалдық, авторлық құқық, деректер қауіпсіздігі және сыни ойлау дағдыларының әлсіреуі сынды проблемалар да айқындалды. Зерттеу қорытындысында генеративті AI-ді білім беру үдерісіне тиімді интеграциялау үшін озық тәжірибелерді енгізу, оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және академиялық адалдық ережелерін жаңарту қажеттігі негізделеді.

Биографии авторов

  • Ж.С. Кемельбекова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

  • Ж.Б. Копжасарова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    докторант, 8D01503-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша

Опубликован

2026-03-20

Выпуск

Раздел

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИИ

Как цитировать

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ GENERATIVE AI: ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ. (2026). ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА, 1, 111-123. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.n15